Судағы қауіпсіздік ережелері!

Судағы қауіпсіздік ережелері!

Республика көлемінде күніне орта есеппен суда 5 адамның бату фактілері тіркеліп жатыр. Бату фактілердің негізгі себептері: арнайы жабдықталмаған суға түсуге тиым салынған су айдындарында суға түсу, алкогольдік ішімдік ішіп суға түсу, балаларды үлкендердің қарауынсыз су жағалауларында қалдыру және т.б. болып табылады.

Суға түсуге арнайы жабдықталған орын дегеніміз-судың түбі тексеріліп, тазаланып, суға түсуге арналған қауіпсіз аймақ қалқымалар, арқандармен белгіленіп, құтқару құралдары мен құтқарушылармен, медициналық қызметкерлермен жабдықталған жағажайларды айтамыз.

Ұлан ауданының аумағында 8 адамдардың демалуына арналып жабдықталған су орындары бар, олар: Бұқтырма су қоймасында:Тарғын ауыдық округі, Манат ауылы, Тайынты өзеніндегі су қоймасы :Тарғын ауылдық округі, Төменгі Тайынты ауылы, Асубұлақ кенті, Шыбындыкөл көлі:Тарғын ауылдық округі, Жоғарғы Тайынты ауылы, Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы Сібе көлдері (Садыркөл көлі) , Сібе көлдері (Төртқара көлі), Сібе көлдері (Шалқар көлі), Сібе көлдері (Қоржынкөл көлі), Дұбығалы көлі (Окуньки) :Таврия ауылдық округі, Гагарина ауылы. Қалған су қоймаларында, өзендерде, көлдерде суға түсуге рұқсат етілмейді. Аудан бойынша 35 суға түсуге қауіпті, өткен уақыттарда адамдардың бату фактілері орын алған жерлерге «Суға түсуге тиым салынады» деген тиым салу белгілері орнатылды.

Аудан тұрғындары назарына ерекше айта кететін жайт, егер судың жағалауынан «Суға түсуге тиым салынады» деген белгі көрсеңіз өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін ол жерге суға түсуге болмайды, себебі бұл орында өткен уақыттарда адамдардың суға бату фактілер орын алған, судың астында қауіпті терең жерлер бар, немесе қауіпті заттар бар деген мағынаны білдіреді.

Қауіпсіздік шараларын сақтау- өміріңізді сақтаудың басты қағидасы екенін ұмытпаңыздар!

Ұлан ауданының ТЖБ