Су объектілеріндегі адамдардың қауіпсіздігі мәселесі Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің басты назарында.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу және судағы қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету үшін бөлім қызметкерлері су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша рейдтер өткізеді, аталған іс-шаралар суға шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Суда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша ұсыныстар:
тек рұқсат етілген жерлерде, жайлы жағажайларда шомылыңыз; батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
суға түсу ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы керек, бұл уақыт 3-5 минуттан біртіндеп артуы керек. Олай болмаған жағдайда гипотермия және құрысу, тыныс алу тоқтауы, есінен айырылу болуы мүмкін;
жағадан алысқа жүзбеңіз;
жүзіп келе жатқан қайықтарға қарай жүзбеңіз;
Судағы қарапайым ережелерді сақтау – Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.
Ұлан ауданы ТЖБ-і