2020 жылғы 27 сәуір күні сағат 10-00-де онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХIII сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
- «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылдың 26 желтоқсандағы № 330 «2020-2022 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Б. Акпанова баяндады.
- «Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Н. Калиева баяндады.
- 3.«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы», аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Ж. Кайролдинов баяндады.
Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезектен тыс сессияға 11 депутат қатыстып, ол 81 пайызды құрады.
Кезектен тыс сессияға аудан әкімінің орынбасары Д.Ш. Жоргекбаев қатысты.
Ұлан аудандық мәслихаты