Тоғызқұмалақтан  онлайн ШҚО Чемпионаты өтті

Тоғызқұмалақтан  онлайн ШҚО Чемпионаты өтті

17-21 сәуір аралығында  алғаш рет iggamecenter.соm  интернат парақшасында Абай  175 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ересектер мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты сәтті аяқталды.

Жарысқа Тарбағатай, Зайсан, Аягоз, Көкпекті, Абай, Шемонайха, Ұлан аудандары, Риддер, Семей, Өскемен қалаларынан жиыны 81 ойыншы қатысты. Жарысқа 15 СШҮ қатысты.Алғаш өткен қашықтықтан жарыс техникалық жағдайларға тәуелді болды.

Ұлан ауданынан жасөспірімдер арасында Еркін Ернар – 1 орынға ие болды. 

Қыздар арасында Рассола Айзада, Әділбек Каусар, Ынтымақ Бұлбұл, Рассола Інкар бақтарын сынап көрді. Жаттықтырушы Оразаманов Бақытбек Илянбаевич.

Ересектер арасында Байгельдинова Н.С. – 7 орыннан, Кабдрахман Максат -9 орыннан көрінді. Жарыс тартымды өтті.

 

БЖСМ оқу ісінің меңгерушісі Байгельдинова Н.С