
Жаз мерзімінде демалыс уақытында балалардың қауіпсіздік ережелерін және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаулары, олардың жақсы демалуымен қатар, денсаулықтарының сау болуына және шыңдалуынаүлкен үлес қосады.
Оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында судағы қауіпсіздік ережелері білу және орындау қажет:
Суда балаларға тиым салынады:
- Жүзу аймақтары белгілерінен тыс жерде жүзу;
- тақтайшаларда, жүзу матрастарында, үйлемелі камераларда жүзуге;
- суға түсуге жалғыз баруға;
- жанында толқын мен ағыстар тудыратын қайықтар, пароходтарға жақын жүзіп баруға;
- тереңдігі белгісіз жерлерде сүңгуге болмайды, себебі басты су түбіндегі қатты заттарға соғып, мойын омырқаларын сындырып, есін жоғалтып, өлімге әкелуі мүмкін;
- салдардан, жағадан және суда жүзгіш құралдардың үстінен суға секіріп түсуге болмайды;
- Ақаулықтары бар және мүлде жабдықталмаған қайықпен көлге, өзенге баруға, қайықтың бүйірлеріне отыру, бір жерден екінші орынға ауысу, сондай-ақ бір қайықтан екінші қайыққа ауысу, қозғалу кезінде тұруға болмайды; Қайықта құтқарушы құралдар болуы қажет.
Егер сіз жүзе білмесеңіз:
- өзіңізбен бірге құтқарушы құралдар болуы керек (шеңбер, құтқару кеудешесі).
- ата-аналарлардың бақылауымен ғана суға түсуге болады.
Ұлан ауданының ТЖБ