
2023 жылы 26 маусым күні Ұлан ауданының кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау комиссиясы мен медиация орталығы біріге отырып ауданның жазғы «Болашақ» сауықтыру лагерінің ашылу салтанатты жиынына қатысып, 1 ауысымда демалып жатқан оқушылармен «Үй. Мектеп. Буллинг.» тақырыбына сайыс өткізді. Сайысқа лагердегі демалушылар 3 отрядқа бөлініп қатысып, өздерінің ұшқыр ойларын плакаттарға суретпен түсіріп қорғады. Сайыстың қорытындысында 3 отрядтың жұмыстары: «Буллинг. Бұзақылық.», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.», «Салауатты ұрпақ – салауатты болашақ.» бойынша Ұлан ауданы әкімінің орынбасары атынан мақтау қағаздарымен марапатталып, ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар тапсырылды.
Сонымен қатар комиссия мүшелері лагердің ішіндегі және ауласындағы балалардың жатын бөлмелері және демалыс орындарының қауіпсіздігін бақылап, тамақтану орнындағы ас мәзірімен танысты. Лагерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жақсы жүргізілген, төсек орындары жаңартылған, балаларға холлда ұлттық нақышта әңгімелесіп, ойнап отыратын жер әзірленген. Ас мәзірі талапқа сай және оқушыларға 1 ауысымда 2 рет қымыз беріледі.
Жеке кәсіпкерлер А. Муканова мен М. Қасымхановтың демеушілігімен құны 5 миллионға дайын душ кабиналары қойылған. Балаларға бассейннен басқа барлық жағдай жасалған. Балалар өте жақсы көңіл күйде демалуда.
Комиссия хатшысы М. Асқабылов