
Бағыт жол дайындау және өткізу кезіндегі туристер:
-барлық жинақталған туристік жабдықты, жеке заттарды, керек жарақты жанбырдан қорғау үшін мұкият бекітіп, үстін жабұға;
-от жағу заттарын (балта пышақ) тысқапқа салып, кесетін және шанышқылы құрал-сайманды тек тысқаптарға ғана тасымалдауға; азық түлік пен жабдықты, жеке заттарды су өтпейтін қаптамада сақтаұға;
-қозғалас тактитактиқасы мен техниқасын қатан сақтауға;
-жоспарлы тұрақтарға ғана тоқтауға міндетті;
-саяхаттаудын бастулуына дейін деін 101 немесе 112 телефондары арқылы бағыт жол туралы хабарлауға.
Аялдамалар мен тұрақтарда туристер:
-биік және жалғыс тұрған ағаштардан, қылқанды ағаштардан, күйген орман және дауыл құлатқан ағаштардан жартастардан және тасты шөгінділерден, кемерлерден, жыралар мен сайлардың ойпандары мен түптерінен жеткілікті қашықта тұрақ жасауға міндетті;
-туристік тұрақ үшін ең жақсы және қауіпсіз жер желден қорғалған, аздап еңісі бар алаңқай немесе ашық жел үрлеп тұратын жер болып табылады;
-туристер тұрақтарды от жағылған орындармен және курелген қоқыс тогетін орлармен жабдықтауға міндетті. От жағылған орындарды шымтезекті батпақтардан, қылқанды ормандар мен кошеттерден, тасты, қоқырсаған шогінділірден орман өрті болған жерлерден, содай-ақ салбыранқы бұтақтары бар ағаштардан алыс орналастыру қажет;
-от жағылған орынды қопсытуға және оның жан-жағын тастармен қоршауға;
-барлық туристік жабдық пен керек-жарықты лагерьге жақын біржақсы көренетін жерде сақтауға;
-тамақ әзірлеу кезінде оттың қасында аяк киіммен отыруға, шаруашылық қолғабы болуға;
-жеке гигиена, өрт қауіпсіздігі, судағы, шомылу, кун тәртібі ережелерін сақтауға;
-табиғатқа ұктап қарауға, тұрақ орындарын табиғатты қорғау мақсатында көріктендіруге міндетті.
Жабайы андар мекендейтін жерлерде келесі ережелерді ұстану қажет:
-ірі жабайы жануарлар-буланға, маралға, елікке, аюға, қасқырға, тулкіге кез болған жағдайда- оларға жақындамау, себебі қашықты қысқартуды олар озбырлық деп түсініп, шабуыл жасауы мүмкін.
Саяхатау кезінде туристерге тыйым салынады:
-найзағай тұман кезінде және түнде бір бағыт бойынша қозғалуға;
-туристік бағыт жолмен қарастырылмаған жерлерге тускі тамақ ішуге тоқтауға;
-барлық бағытжол бойында орналасқан қарстық қуыстарға нұсқаушысыз және арнайы жабдықсыз (каска, сақтандыру арқандарды) кіруге;
-қалың бұталы орманды жермен журу кзінде алда кетіп бара жатқандардың бұтақтардыжіберіпқалуына;
-шөгінділері бар учаскелерде жартастардың үстімен жүруге;
-ағаштардың сулы дінгектеріне мінуге;
-басшысыз және арнайы дайындықсыз жартастарға көтерілуге;
-басшысыз және арнайы дайындықсызжартастарға көтерілуге;
-ағын судан өту сулы мүк басқан және муксіз діңгектердің үстімен журуге;
-бағыт жолға қалқыма құралдарсыз, дәріқораптарсыз шығуға;
-лагерь ден топ басшысының немесе нұсқаушының рұқсатынсыз кетуге, топ 3 адамнан кем болмауы тиіс;
-тауларда ысты күндері орман өртінің себебі болуы мумкін әйнек сынықтарын шолмектерді немесе әйнек қутыларды шашып кетуге;
-жанғыш сұйықтармен (бензин, солярка, спирт) от жағуға;
-шатырларда жарықтандыру үшін майшамдар және ашық отты басқа да құралдарын пайдалануға;
-күмәнді саңырау құлақтар мен жидектерді азық ретінде қолдануға.
Егер сіз адасып кетсеніз:
-уайымдаманыз және сабырлық сақтаныз, тұрған жерінізде қалып
-өзініздің тұрған орныңызды айғаймен белгілуге тырысыныз және комек күтініз;
-өзініздінорналасқан жерінізді белгілеу үшін әуе көлігі үшін белгі берукерек .т.б;
-тік үшақтан ең алдымен өзен жағалары, ашық және биік жерлер қаралатынын есте ұстаған жөн.
Ұлан ауданының ТЖБ