Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына

Ұлан аудандық мәслихатының депутаттары мен тұрғындарының назарына

Алтыншы шақырылған Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс  сессиясы 2020 жылғы сәуір айының 27 күні сағат 10.00-де аудан әкімдігі ғимаратында онлайн режимінде  өткізіледі.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 09.00-дан басталады.

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылдың 26 желтоқсандағы № 330 «2020-2022 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы .

Ә.Б. Акпанова - аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

  1. Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы.

Г.Н. Калиева – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы.».