
Донор күніне орай Алматы облысындағы барлық медициналық мекемелерде Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні қан тапсыруға келген тұрғындарға қан тапсырудың пайдасы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 203-бабына сәйкес, 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады.
Қан тапсырар алдында нені білу керек:
• ҚР ДСМ бұйрығы негізінде донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. 18 жасқа толған тұлғалар донор болуы мүмкін . Донордың салмағы кемінде 55 кг болуы тиіс.
• Донациялау күндері және қан және оның компоненттерін тапсыру күнінен бір күн бұрын донорларға:
майлы, қуырылған, ащы, сүрленген тағамдар, сүт өнімдерін жеу
процедураға дейін екі тәулік бұрын ішімдік ішу
процедураға дейін үш тәулік бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа да препараттарды қабылдау
процедураға дейін кемінде бір сағат бұрын темекі шегу ұсынылмайды
• Донор барлық бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы өзінде бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы, сондай-ақ есірткі затттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы осы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті.
• Донор ақысыз түрде немесе белгілі бір төлем үшін қан тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді. Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі.