
2020 жылғы 22 ақпан күні сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезекті LXII сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
Бірінші сұрақ бойынша, Ұлан ауданында «Бизнестің жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Н.Байжуменов баяндама жасады.
Екінші сұрақ бойынша, Ұлан ауданында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.К. Әлібеков баяндады.
Күн тәртібінің әр түрлі бөлігі бойынша,
1) «Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Н. Калиева таныстырды;
2) «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә. Ақпанова таныстырды;
3) ««Ұлан ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы»;
4) «Ұлан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 наурыздағы № 238 «Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органдарының құрылымын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы»;
5) «Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 8 қарашадағы № 147 «Ұлан ауданының тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
6) ««Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 200 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
7) «Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің көшесін қайта атау туралы»;
8) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
9) «Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы», басқа сұрақтармен аудандық мәслихат хатшысы О. Сыдыков таныстырды.
Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезекты сессияға 10 депутат қатыстып, ол 83 пайызды құрады.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Л. К. Кенжетаева қатысты.
Ұлан аудандық мәслихаты