
Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ бір жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2023 жылдың «3» шілдесінен бастап 2023 жылдың «21» шілдесіне аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Конкурстық комиссия конкурстық өтіміндер салынған конверттерді 2023 жылғы 24 шілде сағат 15-00 – де аудандық әкімшліктің кіші залында ашады (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз). Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.
Толық ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, « Күршім ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(72337) 3-12-93 алуға болады.