
Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ бір жыл ішіндеауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2023 жылдың «26» маусымнан бастап 2023 жылдың «14» шілде аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.
Конкурстық өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 17 шілдеде сағат 15.00-де ШҚО, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхана көшесі, 102, мекенжайында (аудандық әкімдіктің ғимаратында) ашылатын болады.
Толық ақпаратты Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі 91 «Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(72341) 21906 алуға болады.