
2023 жылдың 15 мамырында Ұлан ауданы Қасым-Қайсенов кентінде Мәдениет үйінде аудан тұрғындары үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге ШҚО бойынша ҚАЖД Ұлан аудандық №1,2 пробация қызметі бөлімшелерінің есебінде тұрған жазалары қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жұмыс іздеуде жүрген 7 сотталған қатысты. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс берушілер, 2 оқу орталығы атап айтқанда «Толагай» ЖШС, «Болашак» ЖШС, «Дорветхан» ЖК, «ZHENIS» ЖК, «Адлет» ШҚ, «Ану-Али» ШҚ, «Кучерин» ЖК, «Ұлан аудандық білім бөлімі» ММ, «Ұлан аудандық әкімдігінің аппараты» ММ, «ШҚО ауылшаруашылық коледжі» КМҚК, «Практикум» ЖШС оқу орталықтарының өкілдері және «Ренисанс» ЖШС. Жәрмеңке нәтижесі бойынша ниет білдірген сотталғандарға жұмыс орындары, ал мамандығы жоқтарға кәсіптік оқыту курстарынан өту ұсынылды.