
Қазақстанның 2023 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекеттік құру болып белгіленген.
Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді басрауы үшін мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді.
Атақарып отырған істің тиімді болуы үшін, моральды жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімді тәжірибеде қолдана білу керек, адал болу керек және ақ ниеттілік таныту керек, сонымен қатар, белсенді өміршеңді ұстаным болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.
Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты.
Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды».
Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілетін қызметтің сапасына байланысты.
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде:
Ұлан ауданы әкімі аппаратының
персоналды басқару бөлімі