
Дала және орман өрттеімен күресу көптеген ресурстар мен қаражатты
қажет етеді.Өрттердің пайда болуын және таралуын азайту үшін минералдық
жолақтар үлкен рөл атқарады. Минералдық жлоақ –бұл жанғыш
материалдардан топырақтың минералдық қабатына дейін тазартылған немесе
топырақ өңдеу құралдарымен (жер жырту) немесе басқа тәсілмен өңделген
аумақтың сызықтық учаскілері, олардың негізгі мақсаты төменгі өрттердің
таралуын болдырмау және өртке қарсы от қою кезінде тірек ретінде қызмет
етеді.
Өрт қауіпсіздігі қағидалары ережесіне сәйкес минералдық
жолақтардың ені 4 метрден кем емес болуы керек және үнемі күтім жасалып
отырылуы қажет.
Орман және дала массивтерінде орналасқан объектілер басшылары
объектілерді өрттерден сақтау үшін объектінің периметрі бойынша
минерлдық жолақтарды жүргізуді ұйымдастыру керек.
Ұлан ауданының ТЖБ