
ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 14 мамырда Ұлан ауданының Өскемен ауылдық округі
әкімінің сайлауы өтті.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының
2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Ұлан ауданының Өскемен
ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау
комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Өскемен сайлау округі бойынша
Өскемен ауылдық округі әкімінің сайлауы
Өскемен сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне
1082 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 984 дауыс берді.
Өскемен ауылдық округінің әкімі болып Оксана Мырзабековна
Карабалинова сайланды, 1980 жылы туған, «Ұлан ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор
меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы, Донское ауылында тұрады,
«АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 15 мамырдағы
шешімімен Ұлан аудандық Өскемен ауылдық округі әкімі болып сайланған –
Оксана Мырзабековна Карабалинова тіркелді.
Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы