Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс LХI сессиясы туралы

Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс LХI сессиясы туралы

2020 жылғы 13 сәуір  күні  сағат 10-00-де онлайн режимде аудандық мәслихаттың кезектен тыс  LХI сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

1. «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылдың 30 желтоқсандағы № 341 «2020-2020 жылдарған арналған Ұлан ауданының кенттер мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

2. «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылдың 26 желтоқсандағы № 330 «2020-2022 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», », аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Б. Акпанова баяндады.

3.Әр түрлі сұрақтар бойынша :

1) «Ұлан ауданы Айыртау ауылының көшелерін қайта атау туралы»;

2) «Ұлан ауданы Алмасай ауылының көшелерін қайта атау туралы»;

3) «Ұлан ауданы Бестерек ауылының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы»;

4) «Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің көшелерін қайта атау туралы»;

5) «Ұлан ауданы Сағыр ауылының көшесін қайта атау туралы»;

6) «Ұлан аудандық жер комиссиясының құрамын және Ережесін бекіту туралы», аудандық мәслихат хатшысы О. Н. Сыдыков таныстырды.

Сұрақтар  шешімдерінің жобасын депутаттар  бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс сессияға 10  депутат қатыстып, ол  83  пайызды  құрады.

Ұлан аудандық мәслихаты