
2020 жылдың 1 тоқсаныңда жасалған талдауларға сәйкес Ұлан ауданының территориясында 12 өрт фактісі тіркелген. Тұрғын үй сеторларында болған өрттерден жеке тұлғаларға жалпы келтірілген шығын 1530000тенгені құрады. Өрттерден 4 адам өлімі болды.
Тұрғын үй секторларында болған өрттердің негізгі себептері төмендегідей:
2 өрт фактісі –тұрғындардың абайсызда от шығарып алуынан,
8-жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу;
2-электр қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу салдарынан орын алып отыр.
Құрметті аудан тұрғындары! Өздеріңіздің және туыстарыңыздың денсаулығына, дүние мүлкіне зардап келмеу үшін жеке тұрғын үй секторларында төмендегідей қарапайым өрт қауіпсіздігі бойынша ережелерді сақтауларыңыз қажет:
Жылыту пештеріндерін орнату және қолдану кезінде:
Электр қондырғыларын монтаждау және пайлану кезінде:
1) дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кабельдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ бүлінген немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерін пайдалануға;
2) бүлінген және бекітілмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға;
3) конструкцияда қарастырылған жылу реттегіштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға;
4) егер олардың болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында қарастырылған болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш дөңгелектер) пайдалануға;
5) стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға;
6) электр сымдары мен кабельдердің жалғаулары мен ұштарын оқшаулаусыз қалдыруға жол берілмейді.
Өрті пайдалану кезінде тұрғындардың абайсызда от шығарып алмау үшін:
1)Төсекте темекі шекпеу;
2) плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдырмау;
3) Пештен шығарылған ыстық күлді арнай орынға (құрылыстардан алшақ) төгу және сумен өшіру.
Жоғарыда көрсетілген ережелермен қатар, балаларыңызды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар! Өрт фактісін анықтап қалған сәтте 101 телефон номеріне кез-келген байланыс құралдары арқылы ақпарат беріңіздір.
Ұлан ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Кадирбеков Ерасыл Ержанович