
Балаларымыз-еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы, біздің ең
қымбат адамдарымыз болғандықтан, оларды әр түрлі төтенше жағдайлардан
қорғау әр кімнің міндеті болып табылады.
Балаларды оқыс оқиғалардан қорғаудың басты жолы-әрқашанда
балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы ережелерді сақтамау
салдары қандай болуы мүмкін екендігін айту болып табылады. Сол себепті
Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі білім беру объектілерінде
барлық жастағы оқушы балаларға қауіпсіздік ережелерін, оқыс оқиғаларға
тап болғандағы іс-әрекеттерді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарына тұрғын үйлерде
балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендегідей қауіпсіздік
ережелерін сақтауларын сұраймыз:
1) Үйде мектеп жасына дейінгі балалар болса, электр құралдарын,
сымдарын балалардың қолы жетпейтіндей жерде орналастыру;
2) Электр құралдарын, әсіресе ұялы телефон зарядкасын тоққа қосулы
қалдырмау, себебі кішкентай балалар аузына салып, тоққа түсуі мүмкін;
3) Кішкентай балаларды үйде жалғыз үлкендердің қарауынсыз
қалдырмау;
4) Балаларға қауіпті электр құралдарымен, газ приборларымен жұмыс
істеуге тыйым салу;
5) Кішкене балаларға сіреңке, от жағуға рұқсат бермеу;
6) Үйдегі жиһаздарды құламайтындай берік орнату;
7) Балаларға үйден шыққанда, қайда кеткенін, кімге кеткенін және не
үшін кеткенін ата-анаға ескерту керектігін балаларыңызға айтып
отырсаңыздар;
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы,
балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен үлес қоссасыздар!
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры
Турарова М.К.