Қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы

Қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы

"ШҚО Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ 2023 жылғы "2" мамырда сағат 11.00 - де Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55 бойынша өтетін "ШҚО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары" жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды .

Іс-шаралар жоспарына Ұлан ауданының келесі объектілері кіреді: "КҚС-4-тен Қасым Қайсенов кентінің қолданыстағы тазарту құрылыстарына дейін кәріз коллекторының құрылысын аяқтау", "Қасым Қайсенов кентіндегі сүзу алаңдарын қайта жаңарту", "Ұлан ауданының Таврия ауылында кәріз тазарту құрылыстары мен желілерін салу".

Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының  экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген) мүдделі жұртшылық пен жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырамыз.

Жоба бойынша құжаттама бірыңғай экологиялық порталда ecoportal.kz және жергілікті атқарушы органның www.e-priroda.gov.kz сайтында орналастырылған.