
2023 жылғы 17 ақпанда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік
өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың
кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060
қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 139 қаулы
қабылданды.
Өзгерістер 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде әлеуметтік
кәсіпкелік субъектілері үшін кредиттеудің жеңілдікті жағдайларын жасауды
көздейді.
Осылайша, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері салалық шектеулерсіз
5 жылға дейінгі мерзіммен 1,5 млрд. теңгеге дейінгі несие сомасына 7%
(барлық қалған үшін 8%) мөлшерлеме бойынша жеңілдікті несие ала алады.
Ұлттық жобаға қатысу үшін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің
тізілімінде тіркелу қажет. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізліміне
енгізу тәртібі 2021 жылғы 28 қазандағы № 773 Үкімет қаулысымен
регламенттелген.
Толық және сенімді ақпарат алу үшін, сондай-ақ Ұлттық жобаға қатысу
үшін құжаттарды дайындау және жинау үшін кәсіпкер аумақтық кәсіпкерлік
басқармасына, «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға https://damu.kz/,
сондай-ақ кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.