Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы туралы

Ұлан аудандық мәслихатының кезектен тыс LХ сессиясы туралы

2020 жылғы 1 сәуір  күні  сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс  LХ сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

1. «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылдың 26 желтоқсандағы № 330 «2020-2022 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».

2. «Аудандық бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы. А.Б. Акпанова баяндады .

3. Әр түрлі:

1) «Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г. Калиева таныстырды;

2) «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы»,  аудандық мәслихат аппаратының  басшысы Р. Кизатов таныстырды.

Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс сессияға 11 депутат қатыстып, ол 91 пайызды құрады.