#БІЗ Үйдеміз, жаттығу жасаудамыз. Ұлан ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Онлайн тәртібінді конкурс өткізді

#БІЗ Үйдеміз, жаттығу жасаудамыз. Ұлан ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Онлайн тәртібінді конкурс өткізді

#БІЗ Үйдеміз, жаттығу жасаудамыз

«Шынықсаң шымыр боласың»

Ұлан ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Онлайн тәртібінді конкурс өткізді

2020 жылдың 16 – 25 наурыз аралығында спортшылар арасында физикалық және арнайы дене дайындығы бойынша қашықтықта онлайн тәртібінде байқау өткізді. Үй жағдайында орындалатын жаттығулар бойынша «планка», «пресс-книжка», еденнен саусақ арқылы көтерілу, секіру арқылы отырып-тұру, арқаны қабырғаға тіреп, ұзақ уақыт жартылай отыру, ең үздік бейнеролик жасау және спорт түрі бойынша арнайы жаттығу жасау талап етілді. «Ойын баласы» жасөспірімдер қашықтықта жаттығып, оқуының әрине өз шектеулері бар, спортшылар жіберген 100 аса видео фото материалды сараптау да оңай болған жоқ.

«Ең үздік жаттығуды» орындаушы Демешев Ерасыл (Саратовка ауылы), Ануар Оразбек (Қасым Қайсенов кенті).

«Ең үздік бейнеролик» номинациясы Советканов Алиге (Герасимовка ауылы) тағайындалды. «Үздік бейнеролик» жасағандар бір емес бірнеше тренировка жасап күнделікті белсенділік танытқан Бекказин Жасұлан жеңімпаз атанды. Сондай-ақ керемет ролик жасағандар Талғатов Дінмұхамед, Бекенов Алинур, Мейірғазы Қарақат, Ануар Оразбек.

«Үздік планка әдісін орындау»  номинациясы бойынша жеңімпаз Герасимовка ауылының спортшысы Мантай Нарбол атанды. Сондай-ақ жақсы орындап шыққандар Дастанқызы Дильназ (Қ.Қайсенов кенті), Мухаметолла Мадина (Бозанбай ауылы)

Талғатов Дінмұхамед (Герасимовка ауылы) бокс бөлімінің спортшысы онлайн байқаудың «Саусақ арқылы денені еденнен көтеру» бойынша жеңімпаз атанды.

Онлайн байқаудың «Үздік секіріп отырып-тұру» номинациясының жеңімпазы еркін күрес спортшысы Нұрсапаров Данияр 30 секундта  - 38 рет жасады.Бекенов Алинур – 32 рет, Нұрболатұлы Азамат  - 28  рет жасап үлгерді.

«Үздік статистикалық тұрыс жаттығуын орындау» номинациясы бойынша жеңімпаздар Кусметов Таир, Талим, Кадылбеков Рустем, Ерманат Ельнур, Дастанқызы Дильназ атанды.

«Үздік пресс-книжка» әдісін орындау бойынша жеңімпаз еркін күрес бөлімінің спортшысы Серікбайұлы Нұраян (30 сек 50 рет). Жаттығуды керемет орындағандар қатарында Болатбек Бекзат (Мамай Батыр), Ынтымақ Мөлдір(Мамай Батыр), Бекказин Жасұлан (Қ.Қайсенов кенті).

Спортшылар мадақтамалармен (электронды нұсқасымен) марапатталды.

 

«Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
«Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ
 оқу ісінің меңгерушісі Н. Байгельдинова