Коронавирустан қалай қорғануға болады

Коронавирустан қалай қорғануға болады

Басқа респираторлық вирустар сияқты, коронавирус адамнан адамға инфекцияланған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде тамшылар арқылы беріледі. Сондай-ақ, вирусты науқас жанасқан заттар арқылы жұқтыруға болады, мысалы, есік тұтқалары арқылы.

Ғалымдар анықтағандай, инкубациялық кезең 2-ден 20 күнге дейін болуы мүмкін. Вирусты тасымалдаушыда ешқандай симптомдар байқалмауы мүмкін, бірақ ол вирусты жұқтырушы болуы мүмкін. Жаңа аурудың бірден бір қаупі – оның қарапайым суық тиюге немесе тұмауға ұқсастығы болып келеді. Науқастар шаршау сезімін, тыныс алуының қиындағанын, температурасының көтерілгенін, жөтеліп тамағында ауырсыну болғанын айтып шағымданады.

Вирустан қорғану үшін қарапайым кеңестерді ұстану керек. Ең алдымен қарапайым гигиенаға көңіл бөлген дұрыс:

- Қолды жиі жуып тұрыңыз және пайдаланатын заттардың тазалығын қадағалаңыз. Вирус ауа-тамшыларымен ғана емес, сонымен қатар контактілі тәсілмен берілетіндіктен, қолды жиі мұқият жуумен қатар дезинфекциялық құралдарды пайдалану керек. Вирусты телефондар, пернетақталар, дүкендердегі арбалар және т.б. заттар арқылы жұқтыруға болады;

- Лас қолыңызбен бетіңізді ұстамауға тырысыңыз. Өйткені инфекция ағзаға тек ауыз бен мұрын арқылы ғана емес, көз арқылы да түсуі мүмкін. Адамның қолы бетіне сағатына шамамен 15 рет тиетінін ұмытпаңыз;

- Ауыз қуысын шайыңыз. Дәріханадан дезинфекциялаушы ерітіндіні (антисептікті)  сатып алып, күніне кеміне 2 рет тамағыңызды шайыңыз. Бұл процедура ішке түсуі мүмкін вирустың мөлшерін жояды немесе азайтады;

- Медициналық маска киіңіз. Бұл 100 пайыздық қорғаныс болмаса да, оларды тек науқастар ғана емес, сондай-ақ сау адамдар да пайдалану керек. Ылғалды және лас маскаларды ауыстыру қажет, ал қолданылған масканы қолмен ұстағаннан кейін — қолды жуу қажет;

- Суды жиі ішіңіз. Вирус кеңірдекке түспеуі үшін, әрбір 15 минут сайын бір жұтым су ішіңіз;

- Абайлап түшкіріп, жөтеліңіз. Мұрын мен ауызды қолмен жабуға болмайды. Оның орнына салфеткаларды қолданыңыз немесе шынтағыңызды бүгіп жөтелген дұрыс. Сондай-ақ, түшкіріп жөтелген адамдардан алшақ болу керек;

- Балаларға гигиена ережелерін үйретіңіз. Әрбір отбасы мүшесінде жеке бет орамалы болуы керек;

- Қол алысып амандасудан және беттен сүйіп сәлемдесуден бас тартыңыз;

- COVID-19 жылудан қорқады. 25 градустан жоғары температурада ол өледі. Сондықтан салқын газдалған сусыннан бас тартыңыз. Ыстық сусындарды, сорпаны, тұнбаларды көбірек қолданған жөн;

- COVID-19 киімде өмір сүруі мүмкін. Ол киімде бірнеше сағатқа қалады. Бұл күн сайын таза киім кию үшін керемет себеп болсын;

Бұл кеңестер коронавирустан ғана емес, сондай-ақ үйреншікті ОРВИ немесе тұмаудан қорғауға көмектеседі.

Жұқтыру ошағы пайда болған елге сапар шекпеген жөн. Аз да болсын жұқтыру күдігі  байқалған жағдайда дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіз.

Ұлан ауданы төтенше жағдайлар бөлімі