
Сіздерге, сенбі күні 2023 жылғы наурыздың 4 күні, сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде кең ассортиментте жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа қожалықтары мен фермерлердің қолжетімді бағадағы өнімдері ұсынылады.
Сіздерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.