
Ұлан ауданы Таврия ауылындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт кезінде қиындық тудырмау үшін елді-мекендердегі өртке қарсы су гидранттарды және оларға барар жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өртке қарсы су көздерінің жұмысқа жарамды болуы өртті уақытылы өшіруге, өрт кезінде материалдық құндылықтарды сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. Өрт сөндіру гидрантарына жылына екі рет (көктем және күзгі) мерзімдерде жұмысқа жарамдылығына тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Құрметті аудан тұрғындары Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден өрт сөндіру гидранттарының люктеріне жеке автокөлік құралдарыңызды қоймауларыңызды сұраймыз, себебі ол өрттерді өшіру жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіреді.
Ұлан ауданының ТЖБ