№3 Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы

№3 Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы

2020 жылы 13 наурызда Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, отырыс барысында төмендегідей сұрақтар қаралды:

1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау туралы» 2020 жылға арналған сайлау науқанына бюджеттік өтінім туралы».

2. «Сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, қоғамдық бірлестіктердің Қазақстан Республикасындағы сайлауда мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасау жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету міндеттері туралы».

Отырысқа қатысқандар аудан аппаратының басшысы, ұйымдастыру бөлімінің басшысы, ауданының маслихатының депутаты, Қасым Қайсенов кенті әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің басшысы,  «НұрОтан» партиясы қоғамдық бірлестігінің Ұлан аудандық филиалының өкілі, Ұлан ауданының мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы