
2020 жылғы 12 наурыз күні сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс LІХ сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
1. «Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Н. Калиева баяндады;
2. «Ұлан аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 қазандағы № 244 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Н. Калиева баяндады.
3. Әр түрлі сұрақ:
1) «Ұлан ауданы әкімдігінің құрамын келісу туралы», аудандық мәслихат хатшысы О.Н.Сыдыков таныстырды.
Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезектен тыс сессияға 9 депутат қатыстып, ол 75 пайызды құрады.