Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

2020 жылы 11 наурызда Ұлан ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша екі сұрақ қаралды: Қоғамдық кеңестің құрамына өзгеріс енгізу және Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлау.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, басқа қызметке ауысуына байланысты Болатбек Омарбекович Мамарбаев Қоғамдық кеңестің құрамынан шығарылды. Және Қоғамдық кеңестің құрамынан Эрнэгүл Сагынған шығарылды. Шығарылған адамдардың орнына Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 9-бабына сәйкес аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Рауан Сейтбекович Қизатов, «Дарын» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорынның көркемдік жетекшісі Ерхат Сатыйұлы Сатыевты енгізу туралы ұсынысты Қоғамдық кеңестің барлық мүшелері бірауыздан қолдады.

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес екінші сұрақ бойынша аудандық Қоғамдық кеңестің төрағалығынан Нұрхат Тохтарханұлы Садыков шығарылып, Оразай Нұрсолтанұлы Сыдыков бірауыздан сайланды.