Мүшәйра

Мүшәйра

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай, жас ақындардың өлең жазып, шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін көрсету мақсатында, Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Ұлан ауданнының тумасы, Қазақстан журналистер одағының, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағының иегері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, ақын, жерлесіміз Серік Ғабдуллаұлының 85 жылдық мерейтойына араналған «Сөйле, менің жүрегім..» атты облыстық мүшәйра өтті.

Салтанатты жиын облыстық айтыстардың жүлдегері айтыскер ақын, Аян Ғалымбектің жырымен ашылды.

Облыстық мүшәйраның өтуіне түрткі болған мәслихат депутаты, белгілі ақын Нұртай Тілеужан және Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Садыков Нұрхат Тохтарханұлы сөз сөйледі.

Мұшәйраға 18 үміткер қатысып, әділ-қазы шешімдерімен 1 орын - Дүргінбайұлы Қызырбек, 2 орын - Оразай Жеңісұлы, 3 орын - Бағжан Елсінбекқызы, 3 орын - Дана Исағұлқызы және арнайы жүлде иегерлері Дәулетберді Жекей мен Естай Жаңабаевқа әділ-қазы мүшелері ШҚО-ның Құрметті азаматы, белгілі ақын жазушы, журналист Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев, және ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының мәденеиет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Айымғазыұлы Сарин мен ШҚО «Хабар» телеарнасының корреспонденті Олжас Керейхан өз құттықтықтауларын білдіріп, арнайы марапаттары мен ақшалай сыйлықтарын табыс етті. Салтанатты жиын соңында Нұртай Тілеужан ағамыз өз әнін тарту етті.

Мүшәйраның өтуіне қолдау көрсетіп, ұйымдастырған жерлестерімізге үлкен рахетімзді айта отырып, жеңімпаз атанған ақындарымызға толағай табыстар, өнерлері өрге жүзе берсін дегіміз келеді.

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі ММ