Жаңа жылдық шыршаны орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі!

Жаңа жылдық шыршаны орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі!

Жаңа жылдық шыршаны орнату кезінде төмендегі қағидаларды сақтауларыңызды сұраймыз:

  • Балаларға электргирляндаларын өз бетімен қосуына және электр құралдарын пайдалануға рұқсат бермеңіз;
  • Шыршада майшам жақпаңыз және оны жанғыш материалдармен безендірмеңіз;
  • Бөлменің ішінде пиротехникалық заттарды пайдаланбаңыз;
  • шыршаны орнату кезінде шырша қабырғадан кем дегенде 1 м арақашықта алыс тұру керек;
  • шыршаны жылыту құралдарының жанына орнатпаңыз;
  • электро гирляндаларында сәйкестік сертификаты болкы тиіс;
  • электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз! Жарамды электр құралдарын қолданыңыз;
  • Электр желісіне қосылып тұрған құралдарды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Шыршаны зауытта жасалған жұмысқа жарамды 12 Вт кернеулі электр гирляндасымен безендіріңіз.
  • Шыршаны тұрақты тұғырға орнатыңыз.

Шырша жанған кезде:

  • Электр гирляндысын тоқтан ажыратыңыз, шыршаны еденге құлатыңыз;
    2) Өртті сөндіру үшін өрт сөндіргішті немесе қолда бар құралдарды қолданыңыз;

3) Өртке қарсы қызметінің телефоны :101 немесе 112.

Отшашауларды далада, қауіпсіз жерлерде, ересектердің бақылауымен жағуға рұқсат беріледі!!!

Отшашуларды ғимараттар мен құрылыстарға 50 метрден жақын жерде, қалқалардың астына және тоғайларға жақын жерде атуға жол берілмейді.

Оларды желді ауа-райында атуға жол берілмейді.

Пиротехникалық өнімді арнайы дүкендерден сатып алу қажет!!!

Пиротехникалық өнімді сату адамдарды эвакуациялауға кедергі келтірмеу керек.

Пиротехникалық құралдарды кәмілетке толмаған азаматтарға сатуға тиым салынады.

Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау майоры Турарова М.К