Өскеменде мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

Өскеменде мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, 16 желтоқсан, жұма күні Өскеменде ХҚО-лар жұмыс істемейді.

         Бұл ретте облыс орталығындағы кезекші ХҚО мен мамандандырылған ХҚО сенбі, 17 желтоқсанда жұмыс істейтін болады. Өскемен қаласында кезекші №3 ХҚО –Белинский көшесі, 37а мекенжайы бойынша, оның жұмыс кестесі 9-дан 13.00-ге дейін, ал Абай көшесі 203/3 мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған ХҚО мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттарды беру сағат 9-дан 15-ке дейін жүргізіледі.

         Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері кезекші ХҚО 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. ХҚО-ның қалған бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9: 00-ден 18: 00-ге дейін.

         19 желтоқсаннан бастап қызметалушылар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі кестеде ала алады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді мереке және демалыс күндері де онлайн eGov.kz, "ХҚО" қосымшасы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, Egovmobile мобильді қосымшасы және Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да ала алатыныңызды ұмытпаған жөн.

Баршаңызға мерекелік көңіл күй тілейміз!