
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсан күні БЖЗҚ кезекті «Ашық есік күндері» шарасын өткізеді. Кездесу тақырыбы – «Цифрлық БЖЗҚ».
Бұрын хабарлағанымыздай, қызметтердің жалпы көлемінің 93% астамын БЖЗҚ өз сайтында, ұялы қосымшасында, автоматты форматта қашықтан көрсетеді. Зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік циклі – зейнетақы шотын ашудан бастап төлем алуға дейін – қазіргі заманға сай электрондық технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте БЖЗҚ сервистері үнемі жетілдіріліп отырады: тұтынушылардың сұраныстары мен заманауи трендтерге сәйкес жаңа функциялар мен мүмкіндіктер пайда болуда.
«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысушылар халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алу үшін Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен сайттағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) егжей-тегжейлі таныса алады.
Қор мамандары «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме береді.
Бұдан басқа, бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтарын жауапсыз қалдырмай, қажет болған жағдайда жеке кеңес береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда онлайн форматта өтеді.
«Ашық есік күнінің» 20 желтоқсан сағат 12:00 и 16:30 қазақ тілінде онлайн платформада өтетінің еске саламыз.
Осы шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға кестедегі сілтемеге кіру керек. Содан соң event-жиналыс нөмірі мен паролі енгізіледі.
|
Event- жиналыс: |
«Ашық есік күнінің» |
|
|
Күні мен уақыты: |
20 желтоқсан күні сағат 12:00 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00) |
20 желтоқсан күні сағат 16:30 Ортаазиялық уақыт бойынша (Алматы, GMT+06:00) |
|
Event- жиналыс адресі: |
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb2927aca66f138b50e179baa4b0f0af8 |
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5a0a46ddae6b30966e59b890987bedfa |
|
Event- жиналыс нөмірі: |
2512 850 5884 |
2512 149 5610 |
|
Event- жиналыс паролі: |
fpFP |
ijMZ |
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларды және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!