
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын Абай шығармашылығы арқылы насихаттау, Қазақ тілі мен әдебиетіне, тіл мәдениетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру, талантты жастарды табу мақсатында «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Абай оқулары» аудандық байқауын ұйымдастырды.
Байқауға қатысуға 18-29 жас аралығындағы 6 жас үміткер тапсырыс берді.
Байқау Ережесіне сәйкес қатысушылар бірінші кезеңде Абайдың білім, ғылым, және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын және қара сөзін жатқа мәнерлеп оқыды.
Екінші кезеңде М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындады.
Үшінші кезеңде әншілік қабілеттерін таныту үшін Абайдың 1 әнін орындады.
Сондай-ақ, үй тапсырмасына берілген «Абайдың тілі – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбында бейнеролик дайындап, қорғады.
Сарапшылар қатысушылардың көркем мәтінді оқу шеберлігін, дұрыс дыбысталуын, сахналық образы мен әншілік өнерін ескере отырып бағалады.
Байқау ережесіне сай барлық кезеңде ерекше көзге түскен Өскемен ауылдық округінен келген қатысушы Губушкина Виктория Сергеевна бас жүлдені жеңіп алды.
Виктория облыстық «Абай оқуларына» байқауында Ұлан ауданының намысын қорғайтын болады.
Барлық байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі