2020 жылдың 28 ақпаны күні Аудандық мәдениет үйінде Алғыс күніне арналған «Алғыс айту парызым» атты мерекелік шара өтті. Фойеде жартылай киіз үй макеті қойылып, бір шаңырақ астында дөңгелене қойылған үстелдерде әр ұлттың тағамдарынан көрме жасақталды. Аудан әкімі Н.Сақтағанов және шешен диаспорасының өкілі Х.Янгубаев жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Аудан әкімі бірқатар ұлт өкілдерін мақтау грамоталарымен марапаттады. Әрі қарай мереке әр ұлттың әндері мен билерінен құрылған концертке ұласты. Концерт соңында ауданда тұратын әр ұлт өкілдері қазақ еліне деген алғыстарын өз тілдерінде білдірірді. Концерт мәдениет үйі әншілерінің орындауындағы «Рахмет саған, туған ел» әнімен және көрерменнің зор қошеметімен аяқталды.
«Дарын» МКҚК