
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес микрокредиттеу «Іскер» кредиттеу бағдарламасы бойынша қарыз қаражатын беру жолымен жүзеге асырылады.
Микрокредиттер қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз ету және толық пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда беріледі:
Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6 пайызға дейін, несиелеу мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, ауыл және шағын қалалардағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға 6 млн. теңге дейін.
Өтеу кезеңділігі жылына кемінде бір рет.
Осы бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін мына координаттар бойынша хабараласа аласыздар: ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының Ұлан аудандық филиалы: 8 (72338) 50-477, e-mail: d.akalaev@atameken.kz.