2022 жылдың 9 айына жасалған талдау жұмыстары тұрғын үйлердегі болатын өрттердің негізгі себептері тұрғындардың тұрмыста қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамаудан орын алатыны анықталды. Тұрғын секторында өрттердің негізгі себептері жылыту пешін орнату және пайдалану және электр қондырғыларын монтаждау және техникалық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу, отқа абайсыз қарау болып табылады.
Аудан тұрғындардан төмендегі тұрмыстағы ең қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
- Ақаулықтары бар электр құралдарын, қондырғыларын және жылыту пештерін жұмысқа жарамды қалыпқа келтіргеннен кейін ғана пайдалану;
- Жылыту пештеріне шамадан тыс көп мөлшерде отынды жақпау және қатты отынмен жұмыс жасайтын (көмірмен) жылыту пештерін түнгі уақытта ұйқыға жатарға 2 сағат уақыт қалғанға дейін ғана пайдалану;
- Үйден шығарда міндетті түрде электрқұралдарын сөндіріңіз (үтік, теледидар және т.б.);
- Үйде темекі шекпеңіз. Толық сөндірілгеніне көзіңіз жетпей тұқылын тастамаңыз;
- Жылыту пешінің айналасына жанатын, балқитын және еритін заттар орналастырмаңыз;
- Төтенше жағдай туындағанда тез хабар беру үшін құтқару қызметінің телефон нөмерлерін жаттап алыңыз;
Ұлан ауданының ТЖБ