
14 ақпан күні Ұлан ауданының Қоғамдық келісім орталығында Ауғанстаннан әскерді шығару күніне арналған іс-шара өтті.
Интернационалист-жауынгерлер бұл күнді атап өтіп, достарын еске алу үшін дәстүрлі түрде бірге бас қосты.
Ауған соғысы кезінде 10 жыл көлемінде 15 мың кеңес сарбаздары мен офицерлерінің өмірін қиды. Онда болған адамдар өз борышын абыроймен орындады. Тірі қалу және Отанын қорғау - әрбір сарбаздың басты міндеті болды. Олар офицердің абыройын жоғалтпай үйлеріне оралды. Биыл Ауғанстаннан әскерді шығарғанына 31 жыл толды.
Бұл күні олардың жасған ерліктері үшін Таврия ауылдық округі әкімі мен жұртшылықтан алғыс сөздер айтылды.
Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты