«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
- 2022 жылғы 11 қарашада «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстары мен пікірталастары өткізілсін.
- Осы қаулы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың штабтарының назарына жеткізілсін.
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастарды өткізу бойынша шарт жасассын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Г. Щегорцоваға жүктелсін.
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
|
Н. Әбдіров
|
|
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
|
М. Ерман
|
Астана қаласы
2022 жылғы 21 қазан
№ 98/587