«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-бабының 8-тармағына, 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында халықаралық ұйымның байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
- 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
- Халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердің байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
|
Төраға
|
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы
|
М. Ерман
|
Астана қаласы
2022 жылғы 21 қазан
№ 98/588