
Улы газ сигнализаторы (СО) ауада улы газдың бар жоқтығын анықтайтын құрал. Ауада СО концентрациясы көп болғаны анықталған жағдайда дыбыс береді.
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен 2020 жылдан бастап жылыту пештері орнатылған көп балалы, әлеуметтік осал топтар тұратын жеке тұрғын үйлерге 323 түтін датчиктерін орнатты. Осы уақытқа дейін түтін газ датчикетрінің уақытыл дабыл беруінен 2 жанұя улы газбен уланудан аман қалды.
Сонымен қатар, Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және аудандағы өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері орнатылған түтін датчиктерінің жай-күйіне тексеру жүргізді, тексеру кезінде кейбір датчиктердің жұмыс істемей тұрғаны анықталды.Жұмыс істемей тұруының негізгі себептері :батареяларының қуаты таусылуы, үйде жөндеу жұмыстары кезінде құлатып алу және т.б.
Жұмыс істеп тұрған улы газ датчиктері Сізді және сіздің жанұяңызды оқыс оқиғалардан сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан Ұлан ауданының ТЖБ-і Сізден келесідей нұсқамаларды назарларыңызға алуды сұрайды:
Құралдың жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін Тест/ Сброс бастырмасын басыңыз. Сіз Ескерту дыбысын естисіз. Егер құрылғы әрбір 30 секунд сайын ақырын дыбыс шығарса, жасыл жарықдиоды жанбаса, немесе дисплейінде ‘ Err’ белгісі шығып тұрса, онда құрылғы жұмыс істемейді дегенді білдіреді.
Батареяларын ауыстыру
Егер батарей жұмыс істемей қалса, онда құрылғы 30 секунд сайын ақырын дыбыстық сигнал береді, онда батарейді ауыстыру керек:
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарын датчиктерді ұқыпты пайдаланып және датчиктер жұмыс жасамай қалғаны анықталса 8-(72338)2-27-81 нөмері арқылы хабар берулеріңізді сұрайды.
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.