2022 жылдың 15 қыркүйекте Таврия ауылындағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне Ақпарат

2022 жылдың 15 қыркүйекте Таврия ауылындағы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне  Ақпарат

2022 жылдың 15 қыркүйекте  Таврия ауылында Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және жұмыспен қамту орталығымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысқандар Ұлан аудандық № 2 пробация қызметі бөлімінің басшысы және жұмыс берушілердің өкілдері «Багратион Ұлан» ЖШС,  «Багратион-2» ШҚ, АҚ «Өскемен құс фабрикасы», Саратовка ауылындағы «ШҚ ауылшаруашылық колледж» директорының орынбасары, білім бөлімінің маманы, «QazConstructions» ЖШС мастері, 55 жұмыссыз адамдар.

Жәрменкеде «Багратион Ұлан» ЖШС - 11 адамға, оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұратын 1 адам, АҚ «Өскемен құс фабрикасы» - 6 адамға, барлығы 17 жұмыссыз тұлғаларға тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама берілді.

 

 

Ұлан ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

 бөлімінің басшысы                                                                    А. Кайролдинов