
2022 жылдың 14-ші қыркүйек күні Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде «Тоғанас» ашық базары алаңында өткізілген аудандық ауылшаруашылық жәрмекесінде Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жәрмеңкеге келген ауданның тұрғындарына «Жем-шөп дайындау кезіндегі өрт қауіпсіздігі», «Тұрғын үйлердегі электр қауіпсіздігі» және «Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы», «Тұрғын үйлердегі жылыту пешін пайдалану ережелері» туралы жадынамаларды таратып, өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірді. Өрт қауіпсіздігі бойынша қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Ұлан ауданының ТЖБ-і