2022 жылғы 2 қыркүйек күні сағат 11-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХVI сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
- «Ұлан аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 23 ақпандағы № 17 «Ұлан аудандық жер комиссиясының құрамын және Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», аудандық жер қатынастар бөлімінің бас маманы Н. Ескожина баяндады.
- «Ұлан аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 22 шілдедегі № 171 «Қасым Қайсенов кентінің нақты жоспарлау жобасын бекіту туралы» шешімін жою туралы», аудандық мәслихатының хатшысы Г. Калиева таныстырды.
Сұрақ шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезектен тыс сессияға 10 депутат оффлайн , 1 депутат онлайн режимінде қатысты, ол 84 пайызды құрады.