«Үздік ауыл әкімі»

«Үздік ауыл әкімі»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 167-р өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жарияланған «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы бойынша Әдістемелік нұсқаулық Шығыс Қазақстан облысының барлық қала және аудан әкімдеріне жолданған.

Ағымдағы жылғы шілде айында Департамент басшысының бұйрығымен «Үздік ауыл әкімі» облыстық байқауының жеңімпазын анықтау жөніндегі өңірлік комиссия құрамы бекітілген.

Облыстық байқауға қатысуға 4 ауыл әкімі құжат тапсырған.

Конкурстық комиссияның шешімімен Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Агланбеков Арыслан Орынбасарович – Шығыс Қазақстан облысының атынан республикалық сайысқа жолдауға ұсынылды.

Жоғарыда аталған кандидаттардың тиісті конкурстық құжаттары Агенттікке жолданатын болады.