Судағы қауіпсіздік ережелері!

Судағы қауіпсіздік ережелері!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша  су айдындарында шомылу маусымында 18 қайғылы оқиғалар тіркелді, оның 5-і Ұлан ауданы аумағында.  Олар:Сібе көлінде-2 адам, Алебастр су қоймасында-1 адам, Аблакетка  өзені бойындағы су қоймада -1 адам, Қасым Қайсенов кентінде котлованда -1 адам. Барлық оқыс оқиғалар суға түсуге арналып жабдықталмаған орындарда орын алып отыр.

Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ауданымыздың  тұрғындары мен қонақтарына мынаны ескертеді:

- демалыста өзіңізге және жақындарыңызға өте мұқият болыңыз және суда жүру ережелерін сақтаңыз:

- жабдықталмаған жерлерде шомылмаңыз,

- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- мас күйінде шомылмаңыз.

- белгісіз жерде суға секіру немесе сүңгу қауіпті;

-қалқымалардың асып жүзбеңіз;

-тоңып қалмаңыз және күн өтіп кетпесін. Егер су температурасы +18 º С төмен боласа, шомылмаңыз;

- жалғыз және қараңғы уақытта шомылмаңыз.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

Ұлан ауданының ТЖБ