
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған басқа да орындарда шомылыңыз;
- жүзе алмай суға белден жоғары түспеңіз;
- суға шомылу кезінде бір-біріңізді жоғалтпаңыз;
- жағалаудан қалқалар мен қоршау белгілерінен алысқа асып жүзбеңіз;
- толқындар мен дауылды ауа-райында шомылмаңыз;
- жүзе алмасаңыз, жүзу үшін арналған шеңберлерді, үрлемелі матрастарды қолданыңыз;
- қайықтарға жақын жүзбеңіз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- ұзақ уақыт шомылмаңыз, гипотермия және шаршау салдары болуы мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз өзіміздің және баға жетпес балаларымыздың өмірін сақтаймыз.
Ұлан ауданы ТЖБ-і