Көп қабатты пәтерлердің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалардың терезеден құлауын болдырмау», «Судағы қауіпсіздік шаралары» және «Тұрғын үйлерде электр қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында әңгімесулерлер жүргізілді

Көп қабатты пәтерлердің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалардың терезеден құлауын болдырмау», «Судағы қауіпсіздік шаралары» және «Тұрғын үйлерде электр қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында   әңгімесулерлер жүргізілді

Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде көп қабатты пәтерлердің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Балалардың терезеден құлауын болдырмау», «Судағы қауіпсіздік шаралары» және «Тұрғын үйлерде электр қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында   әңгімесулер жүргізіп, үйлердің подъездеріне көрнекті жерлерге жоғарыда айтылған тақырыптардағы жадынамалар ілді.

2022 жылдың басынан бастап Республика бойынша  балалардың көп қабатты үйлердің терезелерінен құлау бойынша бірнеше оқиғалар тіркелген. Оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұрайды:

  • Егер үйде балаларыңыз болса ешқашан терезені ашық күйде қалдырмаңыз;Өйткені Сіз баланың жанындамын деп ойлайсыз бірақ, бір шаруамен айналысып жатқанда, балаңыз бірнеше секундтарда оқыс оқиғаға тап болуы мүмкін;
  • Балаларыңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезелерде антимоскиттік торлар орнатылған болса, балалар ашық тұрған терезенің торына сүйеніп, тормен бірге сыртқа құлауы мүмкін;
  • Терезелерге балалар өздері аша алмайтындай бөгеулер (блокиратор) орнатыңыздар.

              Балаларымыздың  өмірі, тағдыры өз қолымызда болғандықтан қауіпсіздікке аса мән берейік!

 

Ұлан ауданының ТЖБ