
Жаз маусымы басталысымен тұрғындар жаппай табиғатқа демалуға шығады. Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан оқыс оқиғалар орын алады. Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі оқыс оқиғалардың алдын-алу мақсатында аудан орталығынан шалғай жатқан автокөлікпен жүруге қиын елді-мекендерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
2022 жылдың суға түсу маусымы басталғаннан бастап облыс аумағында 12 адам (1-і бала), соның ішінде 2 -адам Ұлан ауданы, Бозанбай ауылдық округі, Шалқар көлінде және Айыртау ауылдық округі, Алебастр су қоймасында суға бату оқиғалары тіркелді. Суға бату оқиғасына негізгі себеп суға малтуға машықтанбау, балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы,арнайы жабдықталмаған орындарда суға түсу, мас күйде суға түсу болып табылады.
Сонымен қатар,аудан аумағында өрт қауіпті кезеңде 5 орман өрттері, 12 құрғақ шөптердің жануы болды, жану салдарынан жалпы ауданы 91 га орман -113 га дала жанды. Жанулардың негізгі себептері өшпеген темекі тұқылдарын тастау және демалу орындарында оты өшірмей қалдыру салдарынан орын алып отыр.Оты өшіру аз уақыт алса, өрттен келтірілген шығынның орын толтыру жүздеген жылдарға созылу мүмкін.
Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерді өздеріңіздің және жақындарыңыздың өмірлеріне сақ болуға және табиғатты қорғауға шақырады!
Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.