"Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ 2022 жылғы 28 маусымнан бастап Ұлан ауданы әкімдігінің "Молодежный" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

"Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ 2022 жылғы 28 маусымнан бастап Ұлан ауданы әкімдігінің "Молодежный" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

                   Функционалдық міндеттері: кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне жалпы басшылық ету; барлық құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру; елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету (сумен, жылумен жабдықтау және коммуналдық қалдықтарды көму), күтіп-ұстау, пайдалану бойынша кәсіпорын қабылдайтын барлық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

                   Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білім, экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

                   Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

                   Үміткерлер "Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек кітапшасы немесе еңбек шарты болған жағдайда оның көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама ;

                   Конкурсқа қатысушылар біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 2022 жылғы 28 маусымнан 2022 жылғы 12 шілдеге дейін ұсынылуы тиіс. Конкурсты өткізу орны: ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5 үй, "Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ 201, 202-кабинеттері. Анықтама телефондары: 27-159, 28-065.